Жедел желі – жиі қойылатын сұрақтар

 

1. Жедел желі не үшін қажет?

 

Жедел желі Сізге «Самұрық-Қазына» Қорының қызметкерлері тарапынан, сондай-ақ Қормен ынтымақтастық жасайтын үшінші тұлғалар тарапынан жасалған немесе болжалды сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, кемсітушілік фактілері туралы, сонымен қатар қолданыстағы заңнаманы, жалпы іскерлік қағидаттар мен Қордың Әдеп кодексін бұзу жағдайлары туралы құпиялы түрде хабарлауға мүмкіндік береді.

2. Жедел желіні кім пайдалана алады?

 

Жедел желі «Самұрық-Қазына» Қорының, Қордың еншілес кәсіпорындарының қызметкерлері үшін, сонымен қатар Қормен ынтымақтастық жасайтын үшінші тұлғалар (мысалы, жеткізушілер және агенттер) үшін қолжетімді. 

3. Мен қандай құқық бұзушылықтар туралы хабарлай аламын?

Жедел желі арқылы құқық бұзушылықтардың келесі түрлерін хабарлауыңызға болады:

  • орын алған немесе болжалды сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, жалғандық және ұрлық фактілері;

  • мүдделер қақтығысы;

  • қызметтік өкілеттіктерді орындауға байланысты сыйлықтар алу немесе іскерлік қонақжайлықты асыра пайдалану;

  • кемсітушілік, жәбіршілік, алымсақтық, ішімдікке немесе есірткіге салыну;

  • АТ-ресурстарын жөнсіз пайдалану;

  • әлеуметтік-еңбектік қақтығыстар;

  • жалпы іскерлік қағидаттарын және «Самұрық-Қазына» Қорының Әдеп кодексін бұзу;

  • басқа да мүмкін заң бұзушылықтары.

4. Жедел желіге ақпаратты қалай ұсына аламын?

Ақпаратты төмендегі үш әдістің кез келгені арқылы жіберуіңізге болады:

  1. sk.deloitte-hotline.com интернет-порталына ақпарат жіберу;

  2. 8 800 080 19 94 жедел желі нөміріне қоңырау шалу;

  3. sk.hotline@deloitte.kz электронды поштасына хабарлама жіберу.

 

Барлық көрсетілген байланыс түрлері тәулік бойы демалыссыз жұмыс істейді.

5. Жедел желіге хабарласқан кезде қандай ақпаратты ұсыну керек?

Сіз ұсынатын кез келген ақпарат назарға алынады. Алайда, Сіз неғұрлым толық ақпарат пен растаушы құжаттар ұсынсаңыз, біз Сіздің хабарламаңызды соғұрлым қысқа мерзімде қарастыра аламыз. Осыны ескере отырып, біз хабарламада келесідей ақпаратты көрсетуге кеңес береміз:

  • Қандай оқиға болды?

  • Оқиға қайда және қашан орын алды?

  • Сізге оқиға туралы қалай мәлім болды?

  • Оқиғаға кімнің қатысы бар?

  • Оқиға қазіргі уақытта жалғасып жатыр ма әлде аяқталды ма?

  • Қандай растайтын құжаттар бере аласыз? Мысалы, шарттар, хат алмасу, фотосуреттер, және т.б.

  • Сіз хабарлағыңыз келген басқа да қосымша ақпарат.

6. Мен ұсынатын ақпарат қалай өңделеді?

 

Құпиялықты қамтамасыз ету мақсатында барлық ақпаратты сыртқы тәуелсіз компания қабылдап, өңдейді.

Ол компания келіп түскен хабарламалар туралы күнделікті есеп дайындайды және оны «Самұрық-Қазына» Қорының комплаенс бөліміне жібереді.

Қордың комплаенс бөлімінің қызметкерлері Қордың ішкі саясаттарына сәйкес келіп түскен хабарламаларды қарастыру бойынша кейінгі шаралар қолдану жөнінде шешім қабылдайды.

7. Егер мен аты-жөнімді көрсеткім келмесе, мен ұсынатын ақпараттың құпиялы және анонимді болып қалуына қандай кепілдік бересіз?

 

Егер Сіз хабарлама жіберген кезде аты-жөніңізді көрсеткіңіз келмесе, жеке ақпарат жедел желіде тіркемейді және «Самұрық-Қазына» Қорына берілмейді. Жедел желіге шалынатын қоңыраулар қадағаланбайды және сөйлесу жазылмайды.

8. Ақпарат ұсынған соң мен құғындауға ұшырамайтыныма немесе маған қарсы әрекеттер жасалмайтынана сенімді бола алам ба?

 

«Самұрық-Қазына» Қоры шағым беретін кез келген тұлғаны құғындаудан және қарсы әрекеттерден қорғайды. Кез келген болжалды құғындау немесе қарсы әрекет фактілері жайлы ондай әрекеттерге жол бермеу үшін комплаенс бөліміне хабарлаған жөн.

9. Хабарламаларды қарастырудың мерзімдері қандай?

Хабарламаларды қарастыру мерзімі көптеген факторларға байланысты, соның ішінде хабарламада көрсетілген ақпараттың толықтығы мен нақтылығына, растаушы құжаттардың бар болуына, сондай-ақ құқық бұзушылықтың түріне.

10. Жедел желі туралы сұрақтарымды кімге қоя аламын?

Қандай да бір сұрақтарыңыз туындаған жағдайда «Самұрық-Қазына» Қорының комплаенс бөлімімен хабарласыңыз.